Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей СІМ сақтандыру төлеміне байланысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігі Ақтау маңындағы AZAL ұшағы апатына байланысты сақтандыру төлемдері бойынша ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Біз тағы бір қайғылы оқиға арқылы манипуляция жасау әрекетіне тап болдық. Бұл – бұрыннан таныс, аудиторияның эмоциясына әсер етуді көздейтін жалған ақпарат", – деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше Әзербайжанның әуе компаниясына ұшақ үшін толық көлемде сақтандыру сомасы — 1,003 млрд рубль төленді.
Ресейдің 15 азаматының 7-еуіне, Әзербайжанның 38 азаматының 35-іне, Қырғызстанның 3 азаматының барлығына және Қазақстанның 6 азаматының 1-еуіне толық төлем жасалды.
Ұшақтағы зардап шеккен жолаушылар мен қаза тапқандардың туыстарына 358,4 млн рубль берілді.
Ұшақ 2024 жылдың желтоқсан айында Ақтау маңында апатқа ұшырады, оқиғаның себептерін тергеу әлі де жалғасуда.
Ақтаудағы ұшақ апаты: министр тергеу қай сатыда тұрғанын айтты