АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Егер Владимир Зеленский кездесуге дайын болса, Мәскеуге келсін, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін, ондай кездесу өтеді", - деді Путин Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Путин Зеленскиймен кездесуден ешқашан бас тартпағанын айтты.
"Зеленский мырзамен өтуі мүмкін кездесулер туралы бұған дейін де айттым. Жалпы, мен мұндай кездесу өтуі мүмкін екендігін ешқашан жоққа шығарған емеспін", - деді Ресей басшысы.
Путин Қытайда 31 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында жұмыс сапарымен болды. Ол ШЫҰ саммитіне қатысып, онда бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Одан кейін Бейжіңде Ресей, Қытай және Моңғолия үшжақты келіссөз жүргізді, ал Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин екіжақты келіссөз жүргізді.