Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады

Қытай астанасындағы парадта мыңдаған жаңа әскери техника жұрт назарына ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Бейжіңде Жапония басқыншылығына қарсы Қытай халқының қарсыласу соғысындағы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтіп жатыр.
Бейжіңдегі әскери парад
Салтанатты шараларға Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин, сондай-ақ басқа елдердің басшылары қатысып жатыр.
Парадтағы мемлекет басшылары
Парадта барлау және соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары, ұшқышсыз басқарылатын жауынгерлік ұшақтар, палубада орналасқан ұшқышсыз тікұшақтар көрсетілді. Қытай парадта алғаш рет өзінің стратегиялық құрлық, теңіз және әуе күштерін ядролық үштік ретінде көрсетті.
Тоқаев: Қытай – Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі