Видео

Президент жолдауы: Қазақстанды қандай реформалар күтіп тұр – видеокөпір

8 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына арнап сөз сөйлейді
Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республика халқына кезекті жолдауының негізгі бағыты талқыланатын Астана - Мәскеу видеокөпір өтіп жатыр.
8 қыркүйекте президент кезекті жолдауын жариялап, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейді.
Талқылау барысында сарапшылар елдегі қазіргі экономикалық ахуалды, сондай-ақ президент жолдауда айтуды жоспарлап отырған негізгі міндеттер мен бағыттар жайында сөз қозғайды. Сонымен қатар, олар Тоқаевтың былтырғы жолдауының жүзеге асырылу барысын да талқыға салады.
Спикерлер:
Мәскеуде:
- Дарья Сапрынская, Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының ғылыми қызметкері.
Астанада:
- Әкімжан Арупов, экономика ғылымдарының докторы, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры;
- Петр Своик, қоғам қайраткері;
- Наталья Калашникова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедра меңгерушісі, саясат ғылымдарының докторы.
Іс-шара Sputnik Қазақстан сайтында және сайттың ВКонтакте парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.