Курьер болып киініп алған: Астана тұрғыны танысының пәтерін тонап кетті

Тергеу барысында ер адамның алдын ала дайындалғаны белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Астанада полицейлер танысының пәтерінен 1,5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны шағымданып, белгісіз біреудің олардың пәтеріне заңсыз кіріп, ақша мен төрт алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған.
Оның айтуынша, ұры үй иелерінің жұмыста болғанын пайдаланып, қылмысты күндіз жасаған. Көршілер де, кездейсоқ куәгерлер де күдікті адамның пәтерге кіргенін байқамаған.
Жәбірленуші келтірілген жалпы залалды шамамен бір жарым миллион теңге деп бағалады.
"Сарайшық аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жәбірленушілердің 38 жастағы танысы болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында ер адамның алдын ала дайындалғаны белгілі болды: ол курьер ретінде келіп, үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, кілттің көшірмесін жасап алған. Кейін соның көмегімен пәтерге кіріп, ұрлық жасаған.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде ұрланған ақшаны күдікті жеке қажеттілігіне жұмсағаны анықталды, ал алтын әшекейлер тәркіленіп, заттай айғақ ретінде алынды.
Ұрлық жасады деген күдікке ілінген әйел Қазақстанға экстрадицияланды