Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей ешкімге шабуыл жасамайды – Путин

Бейжіңде Ресей президенті мен Словакия үкіметінің төрағасы кездесті
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин көзі ашық кез келген адам Ресейдің ешкімге шабуыл жасамайтынын жақсы біледі деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Ресей президенті Владимир Путин мен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Бейжіңде кездесті
Ресей басшысы Бейжіңде Словакия премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті.
"Қазіргі күні Ресейдің Еуропаға шабуыл жасау идеясы туралы үнемі айтылып қалады. Менің ойымша, бұл – арандатушылық. Бұны көзі ашық адам біледі. Себебі ондай адам Ресейдің ешқашан ешкімге шабуыл жасамайтынын, жасағысы келмейтінін, тіпті шабуыл жасау туралы ойы да жоқ екенін жақсы біледі", - деді Путин.
Путин Украинадағы қақтығыс туралы да айтты. Оның айтуынша, Мәскеу өз тағдырын Ресеймен байланыстыратын адамдарды қорғауға мәжбүр.
Ол Украинаның НАТО-ға мүшелігін қолайсыз деп санайтынын, ал ЕО-ға мүшелігіне ешқашан қарсы болмағанын айтты.
Киев Украинаның инфрақұрылымына жасалған ауыр соққыларға жауап ретінде Ресейге зиян келтіруге тырысады, бірақ Ресей Федерациясының серіктестеріне де зиян келеді, деді Путин
"Украина әскері біздің энергетикалық нысандарымызға тұрақты түрде соққы беріп келді, біз ұзақ уақыт бойы шыдадық. Осыдан кейін оларға жауап бердік. Бұл рас. Бұған жауап ретінде украин жағы бізге зиян келтіруге тырысады, бірақ серіктестерімізге де зиянын тигізеді", - деді Путин.
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жұма күні Владимир Зеленскиймен кездескенде энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасауға жол бермеу мәселесін талқылайтынын айтты.
"Біз мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға қатаң түрде жауап береміз. Жұма күні мен Украина президентімен Ужгород қаласында кездесіп, бұл мәселені өте салмақты көтеремін. Өйткені біз үшін маңызды инфрақұрылымға шабуыл жасауға болмайды", - деді Фицо.