АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жазда көліктер көп жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жазда ақылы жолдармен барлығы 24 млн-нан астам сапар жасалды. Қазақстандықтар көп жүрген жолдар:
Алматы – Қонаев – Талдықорған (5,4 млн сапар);
Шымкент – Тараз – Қайнар (5,1 млн сапар);
Шымкент – Өзбекстан шекарасы (2,66 млн сапар);
Астана – Теміртау (1,44 млн сапар);
Астана – Щучинск (1,36 млн сапар);
Қостанай – Денисовка (843 мың сапар);
Алматы – Қорғас (696 мың сапар);
Павлодар – Семей – Қалбатау (448 мың сапар).
"Астана – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш бағыттарындағы ірі жобалардың аяқталуы ішкі туризмнің дамуына да септігін тигізді. Демалушылар Каспий теңізіне, Алтайға, Жетісуға және Орталық Қазақстанға кедергісіз саяхаттай алады", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, "ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілері орташа жылдамдық шегін қай жолдарда жиі асыратынын жариялаған болатын.