Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды

Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін абайсызда атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 31 тамызда сағат 21:00 шамасында Топар кентіндегі "ГРЭС" ЖШС нысанында болған.
"Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табельдік қарудан оқ атып, серіктесін жаралаған. Салдарынан оқ тиген күзетші қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Полицияның айтуынша, оқиға абайсызда болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі және қызметтік тергеу жүргізіледі.
Шымкент әкімінің орынбасарын атып кетті