Ешкімге айтпастан шетелге ұшып кеткен әйел құлдыққа түсіп қала жаздады

Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" атты шетел азаматымен байланыста болғандығы анықталды
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматын еңбекке пайдалану үшін шетелге заңсыз тарту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы
"Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" атты шетел азаматымен байланыста болғандығы анықталды, ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайын уәде еткен", - деп жазылған хабарламада.
Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.
Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұсталып, сол күні елге қайтарылды.
Алматы прокуратурасы шет елден жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алған кезде алаяқтар мен адам сатушылардың құрбаны болмау үшін қырағылық танытып, ақпараттың дұрыстығын тексеру керектігін ескертті.
Қазақстандықтар шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын мобильді қосымша арқылы тексере алады