АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде толассыз жауған жаңбыр салдарынан көпір опырылып құлады, деп хабарлады қала әкімі Алмат Ақышов.
Өскемен әкімдігінің өкілдері көпір құлаған жерде жүр
Ол төтенше оқиға болған жерден қала тұрғындарына үндеу жасап, оны жақын арада қалпына келтіруге күш салуға уәде берді.
"Көпір (шағын айналма жол) жартылай опырылған. Оқиға орнына барлық қажетті қызмет, сондай-ақ жедел әрекет ету режимінде жұмыс істеп жатқан арнайы бөлімшелер жетті", - деп хабарлады әкімдік.
Қала билігі төтенше жағдайды жою үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
"Барлық күш пен құрал жағдайды қалпына келтіруге және тұрақтандыруға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды", - деп атап өтті әкімдік.
Әкімдік қала тұрғындарын тыныштық сақтауға және оқиға болған аумақтан аулақ жүруге шақырды.