АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қытайдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз барысында Украинаға қатысты Ыстанбұл процесінің бейбітшілік орнатуға ықпал ететініне сенім білдірді.
"Президент мырза (Ердоған – ред.) Түркияның Украинада әділ және тұрақты бейбітшілік орнатуға күш салуын жалғастырып жатқанын және Ыстанбұлдағы келіссөздер бейбітшілік процесіне ықпал ететініне сенім білдірді", - деп хабарлады Түркия басшысының кеңсесі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Путин Ресей Қытайдың, Үндістанның және басқа серіктестердің Украинадағы жағдайды реттеудегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өткен болатын. Дегенмен Ресей президенті мәселені шешу үшін Украина дағдарысының түпкі себептерін жою керек екенін айтты.