Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді
Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін "Инбингуань" мемлекеттік резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді.
"Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Қытайға сапары қарсаңында Сhina Daily газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді. Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, ШЫҰ дамуы сынды тақырыптар қозғалған.
Қазақстан мен Қытайдың тағдыры ежелгі Жібек жолы кезеңінен бері тоғысқан – Тоқаев