Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Бельгия Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеуге қарсылық білдірді

Корольдік министрі "Мәскеу Киевке өтемақы төлегенге дейін" ресейлік активтерді бұғаттау керек деп санайды
Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Бельгия Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу идеясын қолдамайды, деді Корольдік сыртқы істер министрі Максим Прево, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бельгия бұл активтерді кез келген тәркілеу әдісіне қарсы. Неліктен? Өйткені бұл активтер халықаралық құқықпен сенімді түрде қорғалған. Олардың тәркіленуі жүйелі қаржылық тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады, сонымен қатар еуроға деген сенімге нұқсан келтіреді. Осылайша, бұл барлық мүше мемлекет үшін үлкен қауіп", - деді ол Еуропа сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі алдында.
Активтерді "тәуекелді инвестицияларға" ауыстыру туралы талқылаулар жөніндегі ақпаратқа түсініктеме бере отырып, ол мұндай стратегияны "үлкен қателік" деп сипаттады.
"Бұл құқықтық, қаржылық және заң саласындағы тәуекелдер деңгейін арттыруы мүмкін", - деп түсіндірді Прево.
Министр "Мәскеу Киевке өтемақы төлегенге дейін" ресейлік активтерді бұғаттау керек деп санайды. Ол сондай-ақ бұл активтерді келіссөздер кезінде Ресейге қысым көрсету құралы ретінде пайдалануға шақырды.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Киев Путин мен Трамп келіссөзін бұзуға дайындалып жатыр – Ресей Қорғаныс министрлігі