Щучинскіде жұмыс уақытында мұғалім жараланды: полиция қылмыстық іс қозғады

Дене шынықтыру пәні мұғалімі спорт залында жөндеу жұмыстарын жүргізген
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Ақмола облысы Щучинск қаласында мұғалім жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, дене шынықтыру пәні мұғалімі мектепте жарақат алған. Ол спорт залының киім шешетін бөлмесін жөндеп жатқанда аяғына станок түсіп кеткен.
"Науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр. Өміріне еш қауіп жоқ. Келесі апта ауруханадан шығарылуы мүмкін ", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
"Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Шырша орнату кезінде мұғалім жарақат алды: қала әкімінің орынбасары күдікке ілінді