Жүргізушілер қай жол учаскесінде жылдамдықты көп арттыратыны белгілі болды

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен бастап 109 мыңнан астам бұзушылық тіркелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі енгізілді. Бақылау камералары жолдардың түзу учаскелерінде орнатылған, онда орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.
Биылғы наурыз-тамыз айларындағы талдау деректері бойынша орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам фактісі анықталды.
Ең көп заң бұзушылық тіркелген учаскелер:
Шымкент-Қызылорда – 54 863,
Астана-Щучинск – 29 330,
Астана-Павлодар – 18 188.
Ең аз заң бұзушылық келесі бағыттарда байқалды:
Павлодар-Семей-Қалбатау – 3 882,
Шымкент-Тараз – 1 980,
Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) – 526.
Орал-РФ шекарасы (Саратов) – 365,
Жібек Жолы-Теміртау – 164.
Естеріңізге сала кетейік, орташа жылдамдықты асыру жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады, ал бақылау жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қоқыс полигоны өртенді: Алматы облысындағы тас жол барлық көлік түрі үшін жабылды