АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Зеленскийге Ресеймен келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығы туралы айтып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
"Президент Ердоған Анкараның Аляска мен Вашингтондағы байланыстарды мұқият қадағалап отырғанын, Түркияның қақтығыстың тұрақты бейбітшілікпен аяқталуын қамтамасыз ету үшін күш салуын жалғастыратынын және Түркияның бейбітшілік орнату арқылы Украинаның қауіпсіздігіне үлес қосуын жалғастыратынын айтты", - деп хабарлады Түркия басшысының кеңсесі.
Әңгіме барысында Ердоған Украинадағы қақтығыстың "әділ шешім" табу мүмкіндігі туралы айтып, "екі тарап арасындағы келіссөздерді күшейтіп, жалғастыру керектігін" баса айтты.
"Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікке жол ашатын жоғары деңгейдегі байланыстарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін білдірді", - делінген хабарламада.
Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп 15 тамызда Аляскадағы кездесуде Украинадағы қақтығысты шешу жолдарын талқылады. Екі басшы да кездесуді оң бағалады. Саммит қорытындысы бойынша Ресей президенті Украинадағы қақтығысты тоқтатуға болатынын айтып, Ресейдің ұзақ мерзімді реттеуге мүдделі екенін баса айтты.