Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байден Зеленскийге ақшаны ешбір мақсатсыз берді – Вэнс

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс экс-президент Джо Байденнің әкімшілігі Украина басшысы Владимир Зеленскийге ақшаны "ешбір нақты мақсатсыз" берді деген пікір білдірді.
"Байден билікте болған кезде Зеленский Вашингтонға келіп, миллиардтаған долларды әкетті, "ешқандай нақты мақсатсыз, ешқандай шынайы дипломатиясыз, біз сол жүз миллиард долларға не сатып алайын деп жатқанымызды нақты түсінбестен" кетті", - деді ол USA Today басылымына берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп 28 ақпанда Украинаның минералдық ресурстарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қоюға келген Зеленскиймен сөзге келіп қалды. Украина басшысы вице-президенттің Украинадағы бейбітшілікке апаратын жол – дипломатия деген сөзін сынға алды. Ақыр соңында Украина делегациясы Ақ үйден кетіп қалып, келісімге қол қойылмады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ыстанбұлдағы Ресей-Украина келіссөзінің жалғасы туралы нақты ақпарат жоқ – дереккөз