Астанада жеті баланың анасы тұрғын үй инспекциясын сотта жеңді

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Астанада жеті баланың анасы өзін баспана кезегінен шығарғып жіберген тұрғын үй инспекциясын сотқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алтын алқаның" иесі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. 2009 жылдан бері баспанасын күтіп жүрген. Бірақ тұрғын үй инспекциясының шешімімен баспана кезегінен шығарылды. Себебі бұрын күйеуі мен туысының атында үй болған. Алайда сот дауына дейін иеліктен шығарылған болатын.
"Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар тұрғын үй инспекциясының әрекетін заңсыз деп танып, әйелдің тұрғын үй кезегін қалпына келтіруге қаулы шығарған", - деп жазылған хабарламада.
Кассациялық сот та бұл шешімдердің заңдылығын растады.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, "Алтын алқа" белгісімен марапатталған көпбалалы аналар белгіленген тәртіпте баспана кезегінде тұрса, үй алғанға дейін кезектен шығарылмайды.
Осылайша, жеті баланың анасы мен тұрғын үй инспекциясы арасындағы ұзаққа созылған дауға нүкте қойды. Әйелді баспана кезегіне қайта қоюы қажет.
Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге зейнетақы қорынан қанша ақша жұмсады