Ақтөбе облысында суға кеткен жасөспірімді құтқармақ болған ер адам көз жұмды

Суға батқан бала 15 жаста, оны құтқармақ болып қайтыс болған ер адам - жездесі
Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округіндегі Танаберген өзенінде екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 23 тамызда суға түсуге тыйым салынған жерде болған.

"Оқиға орнына Маржанбұлақ ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, әкімдігі және төтенше жағдайлар бөлімі барды. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуірлер тартылды", - дейді ведомстводағылар.

Суға батқан бала 15 жаста, оны құтқармақ болып қайтыс болған ер адам - жездесі.
"Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі адамның денесі судан шығарылды. Марқұмдар өзен жағасынан шамамен 7 метр қашықтықта, тереңдігі 3 метр жерде табылды", - дейді департаменттегілер.
Ақтөбеде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті