АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина төңірегіндегі реттеу аумақтық мәселелерге байланысты күрделірек екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Киев бұл шешім аумақтардан бас тартуға байланысты күрделірек екенін түсіндірді. Олар қауіпсіздік кепілдігінің қандай түрін алатынын түсінуі керек", - деді Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында.
Уиткофф қалай болғанымен шешімді Киев қабылдайды деп айтты.
Трамп сейсенбіде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуіне дайындық басталғанын, одан кейін өзінің қатысуымен үшжақты кездесу өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін ақпарат құралдары кездесу өтуі мүмкін қалалардың қатарында Будапешт, Рим, Хельсинки, Ватикан және Женеваны атаған болатын. Беларусь тарапы кездесуді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.