Тоқаев Ақордада Иордания королін қарсы алды

Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді
Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Иордания мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Екі елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасап, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.
Айта кетері, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан күтіп алды.
Иордания Королі Астанаға сапармен келді