АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Түрксіб ауданында автокөліктен ер адамның мәйіті табылды.
"Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Қазір ер адамның көз жұму себебін нақты анықтау мақсатында тиісті сараптамалар жасалып жатыр.
Іс материалдарын Түрксіб аудандық полиция басқармасын қарастырып жатыр , дейді полициядағылар.