Биыл Алматыда 7 жаңа мектеп ашылады

1300 мектепті жаңғырту" бағдарламасы бойынша 31 білім беру мекемесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында биыл салынған 7 мектеп оқушыларға есігін айқара ашады, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Келешек мектептері" жобасы аясында 34 800 орынға шақталған 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар "сатып алу" тетігі арқылы жеке инвесторлардың қатысуымен 8 мектеп салынып жатыр. Олардың екеуі қыркүйекте оқушыларды қабылдайды.
"1300 мектепті жаңғырту" бағдарламасы бойынша 31 білім беру мекемесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. 2025 жылы – 15, 2026 жылы – 9, 2027 жылы – 7 мектеп жаңартылады". - деп жазылған хабарламада.
Қалада 13 мектеп пен 8 қосалқы ғимарат сейсмикалық тұрғыда нығайтылып, қайта жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 3 мыңнан астам қосымша орын ашылады, дейді әкімдіктегілер.
Қазақстанда екі негізгі мектеп пәні біріктіріледі