АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Абай облысының Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің он жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.
Үржар аудандық соты 55 жастағы ер адамды көлікті басқару құқығынан айырды. Айыпталушының күрделі диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.
"Үржар аудандық соты Аңсабаевқа қатысты істі заң шеңберінде қарап, оның көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Ол кісінің диагнозы бар. G 40.3 –эпилепсия синдромы. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады", - дейді Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова.
Еске сала кетсек, 19 тамызда Бестерек ауылы қайғыдан қан жұтты. Автокөлік жоғары жылдымдықпен жеке үйдің ауласына соғылып, 6 баланы қағып кетті. Жол апатынан үш бала көз жұмса, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.