Астанада полицейлер шетел азаматын қуып жүріп ұстады

Sputnik
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Астанада полицейлер такси қызметімен заңсыз айналысып жүрген шетелдікті қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның видеосын полиция әлеуметтік желіде жариялады.
"Полицейлер елордада жалған нөмір таққан "Мерседес" көлігімен қашпақ болған шетелдікті ұстады. Қуғын кезінде ол шлагбаумды құлатып, бірнеше көлікке зақым келтірді", - деп жазылған хабарламада.
Ер адам құжатсыз және сақтандырусыз такси көлігін заңсыз жүргізген, ал мемлекеттік нөмірді басқа біреудің көлігінен алып кеткен. Көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.
Сот құқық бұзушыны үш тәулікке қамауға алу, көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды.
Полициядан қашқан жүк көлігі аялдамаға соғылды – екі адам көз жұмды