Астаналық блогер бейәдеп сөйлегені үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Полиция "лайк" үшін заңды бұзуға апаратын әрекеттер қатаң жазаланатынын ескертеді
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол көңіл көтеру орындарында жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз сөйлеп, қисынсыз сұрақтар қойылған видеолар жариялаған.

"Видеода блогердің мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды. 33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды", - дейді полиция.

Полиция қаралым мен “лайк” үшін заңды бұзуға жол беретін әрекеттер заңға сәйкес жазаланып, сол үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Мәселені шешіп беремін: Ақтөбе облысында "блогер" тұрғындарды үлкен сомаға алдаған