Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайтуға келісті

Бұл бағыттағы Жол картасы 2030 жылға дейінгі мерзімді қарастырады
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп хабарлады Ақорда.
"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі жетінші отырысының шешімдеріне қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Ресми делегация мүшелері екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша Жол картасы және басқа да үкіметаралық, ведомствоаралық құжаттармен алмасты.
Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды