АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуропаның Украина бойынша бітімгершілік процесіне кедергі келтірмей, керісінше атсалысуы керек деп мәлімдеді.
"Олар қалайда осы процеске қосылып, өз рөлін орындауы керек", - деп атап өтті Лукашенко.
Белта агенттігінің хабарлауынша Лукашенко Еуропа Украина қақтығысын өршітудің орнына оны реттеу процесіне қосылуы керек деп санайды.
Лукашенко Украинадағы қақтығыс бойынша елеулі келісімдерге қол жеткізілсе, Еуропа бұған кедергі келтіре алмайтынына сенімді.
Сонымен бірге, оның айтуынша, көп нәрсе АҚШ президенті Дональд Трамптың шешіміне байланысты.
Лукашенконың пайымынша АҚШ-тың қатысуымен Ресей мен Украина келісім жасаса, Еуропада екі таңдау болады.
"Олар (еуропалықтар – ред.) біреудің сөгісін үндемей тыңдауға немесе тізбектің артқы жағынан сапқа қосылуға мәжбүр болады", - деді Беларусь президенті.