Жол апатынан зардап шеккен балалар мінген санитарлық авиация Астанаға ұшып шықты

Бестерек ауылында жол апатынан үш бала қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алды
Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Абай облысында жол апатынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін санитариялық авиация борты ұшып шықты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Пациенттерді Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды.
"Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады", - деп жазылған хабарламада.
Пациенттердің бірі – тоғыз жасар қыз баланың жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды. Оған Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы бақылау жасайды.
Еске салайық, Абай облысы Үржар ауданында "Тойота" көлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан 10 метр жерде қақпаның жанында ойнап жүрген балаларды соқты. Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін қорғаныс министрлігінің әскери авиация ұшағының бортымен Абай облысына медициналық бригада жіберілді. Оның құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.