АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен 22 тамыз күні Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.
"Бішкекте мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.