АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Жетісу облысы Ескелді ауданында кәсіпкерлерге салық төлемі артық мөлшерде есептелген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Олар жер телімін пайдаланған.
"Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 505-бабына сәйкес бір шаршы метрге 0,48 теңге базалық мөлшерлемені қолданудың орнына 0,81 теңгеден есептеген. Бұл ставка мәслихаттың күші жойылған шешімі болған", - дейді ведомство.
Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 91 кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.