Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Президент жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді
Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. ️Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.
Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.
Тоқаев Қосшыны дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды