Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті

Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Ақтауда шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Медицина көлігіне Toyota Camry маркалы жеңіл көлік соқтығысқан. Оқиға 17 тамызда болған.
"Жол апаты сағат 20:15-те 26, 28, 24 және 24А шағын аудандар арасындағы қиылыста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермеу салдарынан соқтығысқан", - дейді ведомстводағылар.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Toyota Camry жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Атырауда 23 жастағы жедел жәрдем фельдшерін атып тастады