АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Шілдеде елде жылдық инфляция 11,8% болды, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ол маусымда да 11,8% болған еді. Жылдық инфляцияның қарқын алуы 12 өңірде тіркелді, 7 өңірде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды.
Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 11,2% болды. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (14,0%) жоғары өсім көрсетсе, Алматы қаласында (8,8%) тіркелген өсім төмен болды.
Шілде айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдың мәнде 9,5% болды. Ең жоғары мән Абай облысында (12,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (7,0%) тіркелді.
Шілде айында ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық мәнде 14,9%-ға дейін баяулады. Сонымен қатар Маңғыстау облысында жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.
Шілдеде айлық инфляция ел бойынша 0,7%-ға өсті.