Атырауда 23 жастағы жедел жәрдем фельдшерін атып тастады

Тойда топ болып төбелескендер мәселені шешу үшін фельдшерді шақырған
Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Атырау қаласында 23 жастағы жедел жәрдем фельдшерін атып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні фельдшердің досының тойында болған.
Тойда топ болып төбелескендер мәселені шешу үшін фельдшерді шақырған. Алайда жанжал ушығып кеткен. Оқиға орнында атыс болып, 23 жастағы фельдшер сол жерде қайтыс болады.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментіндегілер растады.
"Бұл дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жас маман бұл салада 3,5 жыл еңбек еткен. Ол осы уақыт аралығында өзін ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман ретінде таныта алғған.
Жамбыл облысында ауылда атыс болды: 4 адам жарақат алды