АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Құжаттың мақсаты – дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына қойылатын міндетті талаптар қағидаттары негізінде осы нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тұжырымдамаға сәйкес тіркеу рәсімдерін және дәрілік заттардың айналымын реттеуді жетілдіру және оңтайландыру, ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру, Одақ елдерінде инфрақұрылым мен құзыреттерді дамыту сынды шаралар нарықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.
Ұлттық ережелерге сәйкес берілген дәрілік заттардың тіркеу куәліктері 2026 жылға дейін жарамды болады. ЕАЭО кедендік аумағында айналымын жалғастыру үшін мұндай дәрілік заттар тіркеу деректерін Одақ актілеріне сәйкестендіруі және ЕАЭО тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізіліміне енгізілуі тиіс.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымға мүше мемлекеттердің айналымында ЕАЭО-ның тіркеу куәлігі бар дәрілік заттар ғана болуы тиіс.
Бұл тұжырымдама Одақ елдерінің азаматтары үшін қауіпсіз және сапалы дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырады.