Пәкістан мен Үндістанда су тасқынынан 380-нен астам адам көз жұмды

Гуманитарлық көмек тиеген тікұшақ апатқа ұшырады
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Пәкістан мен Үндістанда алапат тасқын жүріп, лай көшті. Салдарынан 380-нен аса адам опат болды, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғи апаттан қаза тапқандар Пәкістанда көп. Онда көз жұмғандар саны 321-ге жетті. Ахуал әсіресе елдің солтүстігінде қиын. Үйлер мен жолдар бүлінген.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Гуманитарлық көмек тиеген тікұшақ апатқа ұшырады. Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, әуе көлігінде ешкім тірі қалмаған.
Ал Үндістанның Кашмир аймағында топан су 60 адамның өмірін қиып кетті. Тағы 200 тұрғын ізім-қайым жоқ. Ізеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Метеорологтар болса алдағы күндері күн тағы бұзылуы мүмкін деп болжам жасап отыр.
Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының барлық несиесі төленеді - Досаев