АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Байқоңырда қала тарихындағы алғашқы субұрқақ безендірілді.
Орталық алаңның жаңа көрнекі орнында су "билеген" сәтте түрлі-түске боялып, музыка ойнайды. Сонымен қатар Гагариннің әйгілі "Поехали!" дейтін сөзі, Жердегі алғашқы адамның ғарышқа ұшқаны туралы хабарлаған Левитанның дауысы естіледі, содан кейін "Трава у дома" әні шырқалады.
Ғарыш субұрқағын қазақстандық және ресейлік компаниялар бірлесіп салған.