Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленский мен Еуроодақ басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімеге мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф та араласқан
Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз– Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзден кейін Дональд Трамп жарты сағат бойы Владимир Зеленскиймен сөйлескен, содан соң олардың әңгімесіне НАТО мен ЕО елдерінің басшылары қосылған, деп хабарлайды РИА Новости дереккөздерге сілтеме жасап.
"Әуелі жарты сағат бойы Владимир Зеленскиймен сөйлесті, кейін тағы бір сағаттан аса уақыт ішінде оларға ЕО мен НАТО елдерінің көшбасшылары қосылды", – деп хабарлады агенттікке дереккөз.
Axios басылымының журналисі Барак Равидтің айтуынша, Зеленский дүйсенбіде Вашингтонға барып, Трамппен кездесуді жоспарлап отыр.
Оның сөзінше, Ақ үй басшысы НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен, Франция, Германия, Британия, Финляндия және Польшаның көшбасшыларымен сөйлескен.
Әңгімеге сондай-ақ мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф та араласқан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинада бейбітшілікке қол жеткізу енді Зеленский мен Еуропа елдеріне байланысты – Трамп