АСТАНА, 16 тамыз– Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
В Восточно-Казахстанской области ликвидирована огромная нарколаборатория
"Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қылмыс жасады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
В Восточно-Казахстанской области ликвидирована огромная нарколаборатория
Қылмыстық кодекстің 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.