Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы туралы айтты

Путин мен Трамптың Аляскадағы келіссөзі үш сағатқа, ал Ресей көшбасшысының сапары бес сағаттан астам уақытқа созылды
Sputnik
АСТАНА, 16тамыз – Sputnik. Владимир Путин "жақын көршілерд" Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастар "кешегі күннен ертеңге" қадам баса алады деп үміттенетінін жеткізді.
"Біздің елдеріміз үшін жаңа парақты ашып, ынтымақтастыққа қайта оралу маңызды әрі қажет. Ресей мен АҚШ шекарасында... кешегіден ертеңгі күнге тура мағынада қадам басуға болатын уақыт ауысу сызығы өтетінісимволдық мәнге ие. Саяси салада да бізде дәл солай болады деп үміттенемін", – деді Путин Аляскадағы келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Ресей басшысы келіссөздердің өзі мазмұнды әрі пайдалы болғанын жеткізді.

Жақын көршілер

Кездесудің Аляскада өтуі қисынды деп есептейді Путин. Өйткені дәл осы жерде Ресей мен АҚШ-тың жақын көршілер екені, оларды мұхит бөліп тұрғанына қарамастан, айқын сезіледі.
"Бізді тек Беринг бұғазы ғана бөліп тұр, оның өзінде екі арал бар, ал ресейлік және америкалық аралдардың арасы небәрі төрт шақырым. Біз жақын көршіміз, бұл – ақиқат", – деп атап өтті Путин.
Сондай-ақ ол Ресей мен АҚШ-тың ортақ тарихының елеулі бөлігі Аляскамен, көптеген оқиғалар байланысты екенін еске салды.
"Мұнда бүгінге дейін орыс Америка дәуірінің бай мәдени мұрасы сақталған: православие шіркеулері, 700-ден астам орыс тілінен шыққан географиялық атаулар бар", – деді президент.
Саммит России и США на Аляске
Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дәл сол Аляскадан ленд-лиза келісімі бойынша жауынгерлік ұшақтар мен өзге де техниканы жеткізетін аңызға айналған әуе магистралі басталғанын Ресей басшысы атап өтті.
"Бұл ұлан-ғайыр мұзды кеңістіктердің үстінен өтетін қауіпті де күрделі маршрут болды. Бірақ екі елдің ұшқыштары мен мамандары жеңіске жету үшін барын салды, тәуекелге барды, ортақ жеңіс үшін өз өмірлерін қиды", – деді ол.
Путиннің айтуынша, Магаданда ресейлік және америкалық ұшқыштарға арналған ескерткіш қойылған, ал ескерткіште Ресей мен АҚШ туы бейнеленген.
"Мұнда да сондай ескерткіш бар, осы жерден небәрі бірнеше шақырым қашықтағы әскери зиратта сол қаһармандық миссияны орындау барысында қаза тапқан кеңес ұшқыштары жерленген. Олардың рухына құрмет көрсеткеніүшін АҚШ билігіне және азаматтарына ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – нағыз абыройлы әрі асыл қасиет", – деп атап өтті Ресей президенті.
Саммит России и США на Аляске
Путиннің айтуынша, екі елдің бірігіп "жауынгерлік достық пен одақтастық рухында ортақ жауларды жеңіп, бір-біріне көмек пен қолдау көрсеткеніне" куә басқа да тарихи мысалдар бар.
"Бұл мұра бізге жаңа кезеңде, тіпті ең күрделі жағдайда да, өзара тиімді әрі тең құқықты байланыстарды қайта қалпына келтіріп, дамытуға көмектеседі деп сенемін", – деді Путин.
"Бұл мұра бізге жаңа кезеңде, тіпті ең қиын жағдайларда да өзара тиімді тең байланыстарды қалпына келтіруге, құруға көмектесетініне сенімдімін", - деп есептейді Путин.

Трамп Украинадағы соғысты болдырмас еді

Путин Ресей-АҚШ кездесулері төрт жылдан астам уақыт бойы өткізілмегенін еске салды.
"Бұл – ұзақ уақыт. Өткен кезең екіжақты қарым-қатынастар үшін өте қиын болды. Шынын айтқанда, олар қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті. Бұл екі ел үшін де, жалпы әлемге пайда әкелмейді", - деді ол.
Путиннің айтуынша, ерте ме, кеш пе жағдайды түзету, текетірестен диалогқа көшу қажет болды, осы тұрғыда екі ел басшысының жеке кездесуі шынымен де пісіп-жетілді.
Ол екі ел көшбасшысының кездесуіне дайындық бойынша мұқият және қажырлы жұмыс жасалғанынатап өтті. Олар:Трамппен тікелей телефон арқылы сөйлесулер, АҚШ президентінің арнаулы өкілі Уиткоффтың сапарлары және сыртқы саяси ведомстволар басшыларының байланыстары.
Владимир Путин Украина төңірегіндегі жағдай келіссөздердің негізгі мәселелерінің бірі болғанын айтты. Ол АҚШ әкімшілігінің және тікелей президент Трамптың украин қақтығысын реттеуге жәрдемдесуге деген ұмтылысын, оның мәніне үңіліп, түп-тамырын түсінуге деген ниетін атап өтті.
Саммит России и США на Аляске
"Мен бірнеше рет айтқанмын, Ресей үшін Украинадағы оқиғалар ұлттық қауіпсіздігімізге төнген іргелі қатерлермен байланысты. Одан да бөлек, біз әрқашан украин халқын бауырлас деп санадық әрі солай санаймыз, бүгінгі жағдайда бұл қаншалықты тосын естілсе де. Бізде ортақ тамыр бар, сондықтан болып жатқанның бәрі біз үшін – қасірет пен ауыр қайғы. Сол себепті біздің еліміз мұның тезірек тоқтауына шын мәнінде мүдделі", – деп атап өтті Путин.
Сонымен қатар, дағдарыстың бастапқы себептері жойылмайынша, Ресейдің заңды алаңдаушылықтары ескерілмейінше және Еуропадағы әрі жалпы әлемдегі қауіпсіздік саласында әділ тепе-теңдік қалпына келтірілмейінше,Украинадағы жағдайды бейбіт реттеудің орнықтылығы мен ұзақмерзімді сипаты мүмкін емес екенін айтты.
"Мен президент Трамппен келісемін, ол бүгін бұл туралы айтты. Сөзсіз, Украинаның қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Әрине, біз бұл бағытта жұмыс істеуге дайынбыз", – деді Путин.
Біздің қол жеткізген өзара түсіністігіміз сол мақсатқа жақындауға мүмкіндік беріп, Украинадағы бейбітшілікке жол ашады деп үміттенгіміз келеді.
Айтуынша, Ресей Киев пен еуропалық астаналар мұның бәрін сындарлы тұрғыда қабылдап, ешқандай кедергі жасамайды және арандатулар мен жасырын айла-шарғылар арқылы жоспарланған ілгерілеуді бұзуға тырыспайды деп сенеді.
Путин 2022 жылы АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігін "жағдайды әскери іс-қимылдарға әкеліп соқтыруы мүмкін деңгейге жеткізбеуге" шақырғанын және "бұл – үлкен қателік" деп ашық айтқанын еске салды.
Саммит России и США на Аляске
"Бүгін біз президент Трамптың: "Егер мен президент болсам, соғыс болмас еді" дегенін естіп отырмыз. Менің ойымша, шынында да солай болар еді. Мұны растаймын", – деді Путин.
Оның айтуынша, президент Трамппен өте жақсы, іскер әрі сенімді байланыс орнады. Осы жолмен жүре отырып, Украинадағы қақтығысты аяқтауға болады деген барлық негіз бар.
Президент сондай-ақ АҚШ-тың жаңа әкімшілігі келгеннен кейін екіжақты тауар айналымы өсе бастағанын атап өтті.
"Бұл әзірге символдық сипатта ғана, бірақ соған қарамастан 20 пайыз ғана. Бізде бірлесіп жұмыс істеуге арналған көптеген қызықты бағыттар бар екенін айтқым келеді", - деп атап өтті ол.
Айтуынша, Ресей мен АҚШ арасындағы іскерлік және инвестициялық әріптестік зор әлеуетке ие. Сауда, энергетика, цифрлық сала, жоғары технологиялар және ғарышты игеру бойынша Ресей мен АҚШ бір-біріне көп нәрсе ұсына алады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың кездесуі қалай өтті