Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты реттеудегі рөлі туралы айтты

Бұл ешқашан болмауы керек соғыс еді, деп атап өтті АҚШ президенті
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Украинадағы қақтығысты тоқтатуға кіріспегенінде, Ресей Украинаның бүкіл аумағын бақылауға алар еді деп есептейді.
"Бұл ешқашан болмауы керек соғыс еді. Егер мен президент болмағанымда, менің ойымша, ол (Ресей президенті Владимир Путин - ред.) Украинаны түгел басып алуды жөн санар еді", - деді Трамп журналистерге.
Бұған дейін Ресей президенті Трамп әкімшілігі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға күш салып жатқанын айтқан болатын.
Кремль мен Ақ үй 15 тамызда Путин мен Трамп Аляскада кездесетінін хабарлады. Сейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт саммиттің Анкориджде өтетінін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне үлес қосуға уәде берді