Жеңістің 80 жылдығы

Соғыста қаза тапқан жауынгердің туыстарына іздеу жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысы кезінде Польшада қаза тапқан қазақстандық сарбаздың туыстарын ресейлік іздеу тобы іздестіріп жатыр.
"Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу жасағына мәскеулік "Әскери археология" отрядының басшысы Антон Торғашев қаза болған сарбаздың туыстарын табу туралы өтініш білдірді", - деді отряд басшысы Александр Шитов
Оның айтуынша, 2014 жылы маусымда Польшаның Подляцк жерінде жауынгердің сүйегі табылған.
"Сарбаз медальонының стандартты астарын сараптамалық зерттеу арқылы Қызыл Армия қызметкерінің кім екені анықталды", - деді ол.
Қызыл әскердің есімі – Қазақ КСР тумасы Әбдуәли Желес (қ) аев (немесе Жылысбаев), 1917 жылы туған.
Туысының аты Кимсай Жанб(у)(е)баев.
Іздеушілер бұл іске бей-жай қарамайтын азаматтардың барлығынан сарбаздың туыстарын іздеуге көмек сұрады.
Қазақстан аумағындағы байланыстар:
+7 777-461-73-78,
e-mail: alex.shitov@mail.ru - "Майдан жолы" Павлодар іздеу жасағы.