АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинмен Аляскада өтетін алдағы саммитке қатысатын делегациясының құрамы белгілі болды, деп хабарлады жұма күні Ақ үй пулы, деп хабарлайды РИА Новости.
16 адам құралған делегация құрамында министрлер кабинетінің мүшелері, кеңесшілер мен арнайы өкілдер бар.
Жарияланған тізімге сәйкес, делгация құрамына мемлекеттік хатшы Марко Рубио, қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Говард Латник, Орталық барлау қызметінің директоры Джон Рэтклифф, арнайы өкіл Стивен Уиткофф, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт, сондай-ақ басқа көмекшілер мен жоғары лауазымды тұлғалар бар.
Кремль мен Ақ үй бұған дейін Путин мен Трамптың 15 тамызда Аляскада кездесетінін хабарлаған. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, президенттер кездесуі Элмендорф-Ричардсон әскери базасында Мәскеу уақытымен сағат 22:30-да басталады. Оның айтуынша, Путин мен Трамп алдымен жеке, содан кейін делегациялардың қатысуымен кездесу өткізеді.
Келіссөздерге Юрий Ушаков, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов және Ресей президентінің шет мемлекеттермен инвестиция және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысады.
Кездесу алдында Путин мен Трамп бірнеше сөз айтады. Келіссөздер қорытындысы бойынша олар бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Кездесудің негізгі тақырыбы Украина дағдарысын реттеу болады.