Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы: қандай жоспарлар жүзеге асырылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Бүгін ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
Отырысты Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қорытындылады.
Бүгін ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселесін қарастырды. Атап айтқанда:
ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен жүк темір жол тасымалы саласындағы цифрландыру процестерін жеделдету туралы баяндалды. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы цифрлық көлік құжаттарына көшіп үлгерді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-да әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы комиссияның баяндамасы ұсынылды.
Үкіметаралық кеңес мүшелеріне "бестік" мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есеп ұсынылды. Былтыр Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 млрд доллар кіріс түскен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 3%-ке көп. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Үкімет басшылары тауарлардың жалпы биржалық нарығында сауданы дамыту бағдарламасын бекітті, оның толық іске қосу 2029 жылға жоспарланған.
Транс️комиссияның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы 2024 жылғы жылдық есебі мақұлданды.
Е️уразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын одан әрі дамыту тұжырымдамаларын келісті. Құжаттар жұмыстың екі маңызды бағытын анықтайды. Біріншісі - шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету, екіншісі – ведомстволардың тиісті цифрлық платформалардағы өзара іс-қимылын кеңейту.
Жалпы еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын жоғары сұранысқа ие мамандықтарға жақындату бойынша жұмыс жүргізілуде. ЕЭК тұрақты негізде олардың тізбесін қалыптастырады, бұл азаматтардың жұмысқа орналасуын едәуір жеңілдетеді.
Транспорт️көлік саласында кадрлық әлеуетті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыт енді 2024-2026 жылдарға арналған бейіндік Жол картасына енгізілген. Құжатты іске асыру бірыңғай көлік кеңістігін және Көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға қызмет етеді.
Үкімет басшыларына ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібіндегі мәселелерді реттеу бойынша тәсілдерді іске асырудың бес жылдық жоспары ұсынылды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 29-30 қыркүйекте Минскіде өтеді.