Астанада 490 мың вейп тәркіленді

Сатылымнан түсетін кіріс 6 млрд теңгеден асуы мүмкін еді
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Астана электронды вейптер, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымын жүргізген ірі көтерме желінің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Бұл өнімдер Қазақстанның барлық өңіріне Telegram мессенджері және курьерлік жеткізу арқылы таратылған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 5 қойма анықталды. Тінту барысында 490 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін кіріс 6 млрд теңгеден асуы мүмкін еді", - дейді ведомство.
Бұдан бөлек, күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру схемасын ұйымдастырған. Олар ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық жолмен келген ақшаның ізін жасыру мақсатында банк карталарын беруге келіскен адамдарды, яғни дроперлерді пайдаланған.
"Қылмыстық табыстың бір бөлігі шетелден кофе жеткізуге арналған мәмілелерге жұмсалған, жалпы сомасы 92 млн теңгеден асады. Өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлікке сот санкиясымен тыйым салынды" - дейді агенттік.
Ресейден вейп әкеліп таратқан Қостанай тұрғыны сотталды