Әлиев қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша мемлекет басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылаған.
"Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр", - деп атап өтті Желдібай.
Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
Қазақстан Армения мен Әзербайжан арасындағы диалогқа одан әрі ықпал етуге дайын - Тоқаев