АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Жетісу облысы Ескелді ауданының 48 жұмысшысы еңбекақы алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Ескелді Су Құбыры" кәсіпорны жұмысшылар алдындағы міндетін орындамағандықтан, іске прокуратура араласқан.
"Ескелді Су Құбыры" кәсіпорны 48 жұмысшыға 5,6 млн теңге көлемінде жалақы төлемеген. Прокурордың араласуынан кейін берешек толық өтеліп, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомстводағылар.
Қадағалау органы жұмыс берушілерге азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеуді ескертті.