АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады.
Ер адам әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды.
"Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады", - дейді ведомстводағылар.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.