АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалық лидерлермен өткен бейнеконференция барысында "Еріктілер коалициясы" деп аталатын Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдігіне АҚШ-тың үлес қосатынын мәлімдеді, деді Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро.
"Президент Трамп Украина мен оның одақтастарына, бүгін жиналған қауымға... Франция, Ұлыбритания және Германия басқаратын "Еріктілер коалициясы" әзірлеген қауіпсіздік кепілдіктеріне АҚШ-тың үлес қосатынын жеткізді", - деп жазды Барро X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Барроның айтуынша, Трамп сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путиннен Украинада қарсылықсыз атысты тоқтатуды сұрайтынын мәлімдеген және аумақтық мәселе бойынша келіссөздер Владимир Зеленскийдің қатысуымен ғана өтеді деп сендірген.
Бұған дейін Кремль мен Ақ үй 15 тамызда Путин мен Трамп Аляскада кездесетінін хабарлаған еді. Сейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт саммиттің Анкориджде өтетінін мәлімдеді.